Иорданияның Амман қаласында жастар арасында дзюдодан өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы құрлық додасында жоғары нәтиже көрсетіп, 5 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль иеленді.
Алтын жүлдеге Айнара Сейітжанова (48 келіге дейін), Нұрбала Зайнул (52 келіге дейін), Ролан Қайырғали (66 келіге дейін), Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін) және Санжар Ерұланұлы (100 келіге дейін) қол жеткізді.
Күміс медаль иегерлері қатарында Дамеля Асылханова (63 келіге дейін), Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін), Мұхамедали Закиров (73 келіге дейін) және Руслана Махатова (78 келіден жоғары) бар.
Ал Айзат Наукенова (48 келіге дейін), Айдана Абиханова (63 келіге дейін) және Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.