Қазақстандық екі балуан Будапешттегі рейтингтік турнирдің финалына шықты

282

Асыл Айтақын мен Нұрқожа Қайпанов алтын жүлде үшін таласса, Нұрданат Айтанов қола медальға мүмкіндік алды.  

Қазақстандық екі балуан Будапешттегі рейтингтік турнирдің финалына шықты Фото: mtrk.kz

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнирдің финалдық кезеңі 15 шілде күні өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың алғашқы күнінде еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілдері белдесулерін өткізді. Нәтижесінде Асыл Айтақын (61 келіге дейін) мен Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) финалға жолдама алды.

61 келіге дейінгі салмақта Асыл Айтақын алтын медаль үшін түркиялық Толга Озбекпен кездеседі. Ал 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов финалда қытайлық Фэн Лумен белдеседі.

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрданат Айтанов қола жүлде үшін канадалық Тимоти Левайнмен күреседі.

Сонымен қатар жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар арасынан жүлдеге таласушылар саны артуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу