Жеңіліп көрмеген қазақ UFC-дегі алғашқы айқасы алдында салмақ өлшеуден өтпей қалды

520

Дияр жартылай ауыр салмақта осыған дейін 10 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен.

Жеңіліп көрмеген қазақ UFC-дегі алғашқы айқасы алдында салмақ өлшеуден өтпей қалды Фото: Жеке парақшасынан

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-дегі алғашқы айқасы алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қортындысында, қазақстандық спортшы таразыда 95.48 келі көрсетіп, белгіленген лимиттен 2.3 келі ауыр шықты. Ал қарсыласы Брендсон Рибейро (16-7) 92.98 келі көрсетіп, лимитті сәтті орындады.

Алайда, қарсыласы келіскен жағдайда, қазақстандық файтер айыппұл төлеп жекпе-жекті жалғастыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу