Қарағандылық "Шахтер" клубының шабуылшысы Глеб Макридов "Атлетико Мадрид" клубына барып, жаттығу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz басылымы.
Бастапқыда 19 жастағы футболшы Atletico Juvenil A (U19) командасының құрамында жаттығады деп жоспарланған болатын. Бұл команда өткен жылы All-Star QJ League құрамасына қарсы матчқа қатысқан. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.
Алайда алғашқы жаттығулардан кейін мадридтік клубтың бапкерлер штабы Макридовты Atletico Madrid C, яғни жастар командасының құрамына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Глеб Макридов "Атлетико Мадрид" клубында тағылымдамадан өтіп жатыр.