Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Словакияның "Кошице" клубына ауысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кошице" – Словакияның жоғарғы лигасындағы клуб. Қазіргі таңда 18 турдан кейін турнирлік кестеде 7-орында келеді.
Айта кетейік, Ғалымжан бұған дейін Кипрдің "Акритас" командасында ойнап жүрген еді. "Кошицемен" қатар Испанияның екінші Сегундасындағы бір клубтан да ұсыныс болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу