Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының бірқатар жетекші клубтарының қызығушылығына ілікті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мутко против" Telegram арнасының мәліметінше, футболшыны "Краснодар", "Локомотив" және "Спартак" өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Сондай-ақ Transfermarkt порталы Самородовтың нарықтық құнын 500 мың еуроға өсіріп, 3 миллион еуроға бағалады.
Өткен маусымда қазақстандық шабуылшы Ресей Премьер-лигасындағы 30 матчтың 29-ына қатысып, 5 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу