Қазақстандық футболшы шет елдік клубтан кетті

2104

Қазақстандық қақпашы Азамат Жомартов Қырғызстанның "Қағанат" футбол клубынан кетті.

Қазақстандық футболшы шет елдік клубтан кетті

Коронавирус пандемиясына байланысты туындаған экономикалық кризиске байланысты жеке компаниялар арқылы қаржыландырылатын "Қағанат" командасы легионерлер мен сырттан келген ойыншылармен арадағы келісім-шартты тоқтатып, олардың орнына маусымды жергілікті академия түлектерімен аяқтауды жөн санапты.

"Қағанатқа" Азамат Жомартов биылғы жылдың наурыз айының соңында ауысып, тек бір ғана ресми матчқа қатысып үлгерген. Ал өткен маусымда ол Шымкенттің "Қыран" командасында қосалқы құрамда ойнаған. Азамат екінші лигада алты кездесу өткізіп, қақпаға сегіз доп жіберіп алды.

24 жасар футболшы "Қағанаттың" "Алға" командасына қарсы өткен кездесуінде қақпаға бір де бір гол жібермей, нәтижесінде ойын 0:0 есебімен аяқталған. Кездесу аяқталған соң қазақстандық голкипер ойынның үздік футболшысы атанған. Ал сол кездесуден соң Қырғызстанда футбол маусымы тоқтап, енді тек 11 шілде күні қайта жалғасын таппақ.

Азамат Жомартов "Атырау" футбол клубының түлегі және тек қосалқы құрамда ойнаған. Ол екінші лигада мұнайшылар командасында 43 кездесу өткізіп, 78 гол жіберген.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу