Қазақстандық футболшыларға жол ашқым келеді – Дастан Сәтпаев

Алматылық "Қайраттың" экс-ойыншысы клуб медиасына эксклюзивті сұхбат берді.         

Қазақстандық футболшыларға жол ашқым келеді – Дастан Сәтпаев Фото: Видеодан скриншот

Дастан Сәтпаев онда болашақтағы жоспарымен бөлісіп, "Челсидегі" мақсат-мұратын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жас таланттың сөзінше, еуропалық бапкерлер мен скауттардың қазақстандық футболшыларға деген көзқарасын өзгерту керек.

– Өзіме ғана емес, артымнан ерген қазақстандық футболшыларға да жол ашқым келеді. Скауттар мен бапкерлер тек Еуропаға немесе басқа құрлықтарға ғана иек артпай, Азияға, оның ішінде Қазақстанға да назар аударып, біздің жас таланттарды тауып, тани білсе екен деймін, – деді ол.

Сұхбат барысында оған "Осыдан 10 жылдан кейін бұл бейнені қайта көрсең, өзіңе не айтар едің?" деген қызықты сұрақ қойылған.

– Сенің бұдан да үлкен белестерді бағындыруға қауқарың жетеді, сондықтан қол жеткізген табыстармен ешқашан шектеліп қалма! Өзіңе әрдайым бүгінгі жетістігіңнен де жоғары, әлдеқайда қатал талап қоя білуің керек! – деп жауап қатты Дастан Сәтпаев.

"Қайрат" футбол клубының экс-ойыншысы стадионда, телеэкран алдында үздіксіз қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын айтып, ағынан жарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу