Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

125

Асан Салимов Әлем кубогының 4-кезеңінде тамаша нәтижеге қол жеткізді. 

Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды Фото: ,Спортты дамыту дирекциясы

Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының соңғы жарыс күні ұлттық құрама спортшысы Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 14.083 ұпаймен күміс медальға ие болды.

Бұл сында бірінші орынды армениялық Артур Давтян (14.666 ұпай) иеленсе, үшінші орын чехиялық Йонас Данекке (14.016 ұпай) бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Каирдегі Әлем кубогында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші жүлде. Бұған дейін Зейнолла Ыдырысов тұтқалы ат жаттығуында күміс медаль иеленсе, Нариман Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Әлем кубогының 4-кезеңіне 30 елден 70-ке жуық спортшы қатысуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу