Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті

308

Данил Мусабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруден Әлем кубогы кезеңінің жеңімпаздары атанды.

 Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық гимнастар 52.20 ұпай жинады. Екінші орын Германия спортшыларына бұйырды (52.05), ал үшінші орынға Ұлыбритания командасы тұрақтады (51.53).

Жұптық синхронды секіруде қазақстандық дуэт Германияның қазіргі әлем чемпиондары Кайо Лаукстерманн мен Фабиан Фогельден басым түсті.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі бүгін Германияның Котбус қаласында басталды.

Коттбустағы Әлем кубогының екінші күнінде қазақстандықтар жекелей сында өнер көрсетеді. Жүлде үшін Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов және Данил Мұсабаев сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу