Қазақстандық гимнасттар Болгариядағы турнирде көш бастады

409

Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы Challenge Cup іріктеуінен өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық гимнасттар Болгариядағы турнирде көш бастады Фото: olympic.kz

Қазақстан ерлер командасының 4 спортшысы 5 финалда бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Салимов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Салимов 6-нәтиже көрсеткен. 

Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеуде Нариман Курбанов 1, Зейнолла Ыдырысов 2-орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды. 

Сондай-ақ, шығыршықтағы жаттығуда 13.600 ұпаймен 8-орын алған Дмитрий Патанин финалдық кезеңде бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу