Қазақстандық гимнасттар Бразилияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

221

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар соңғы оқу-жаттығу жиындарын Астанада өткізді. 

Қазақстандық гимнасттар Бразилияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

20 тамызда Рио-де-Жанейрода көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталады. Жекелей жарыста бұл додаға 100-ден аса спортшы қатысады.

Басты фавориттердің қатарында Париж Олимпиадасының чемпионы,  неміс қызы Дарья Варфоломеева, бес дүркін әлем чемпионы италиялық София Раффаэли, украиналық жас дарын Таисия Онофрийчук, болгариялық Стилиана Николова және өзбекстандық Тахмина Икромова бар. Сондай-ақ Кипр, Германия, Израиль, Польша және АҚШ өкілдері де жүлде үшін таласпақ.

Қазақстан намысын жекелей сайыста Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қорғайды. Айбота Азия чемпионатында қола, командалық сында күміс, ал Мейіржанова қола медаль алған.

Топтық жаттығуларда Аида Хакімжанова бастаған құрама өнер көрсетеді. Халықаралық федерация Қазақстан командасын медальға үміткерлер қатарына қосып отыр. Топтық жаттығуларда өнер көрсететін спортшылар: Аида Хакімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай.

Фавориттер арасында Қытай, Жапония және Польша бар. Сондай-ақ жарыс қожайындары Бразилия да өз әлеуетін дәлелдеп қойған. Турнир 24 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу