Қазақстандық гимнасттар Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

107

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Осиекте (Хорватия) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі медальға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстандық гимнасттар Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Отандастарымыз екі жүлдені де ат снарядындағы жаттығуда жеңіп алды.

Күміс жүлдені Зейнолла Ыдырысов иеленді. Ол финалда 14,600 ұпай жинады. Ал Нариман Курбанов 14,000 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Армениялық Гамлет Манукян 14,733 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Милад Карими де финалға жолдама алды. Ол кермедегі жаттығуда медаль үшін сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу