Қазақстандық хоккейші АҚШ ашық біріншілігіне ауысады

1926

Ресейлік Sport24 басылымының хабарлауынша "Барыс" пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис келесі маусымды ҰХЛ-да бастауы мүмкін.

Қазақстандық хоккейші АҚШ ашық біріншілігіне ауысады

"Барыстың" бас бапкерінің ұлы жүйелі түрде алға жылжып, құдды бір гроссмейстердей, әр бір матчта ұпай жинауда. Сондықтан Михайлистің ағымдағы маусымның үздік бомбардирлерінің бестігінде болуы ешкімді таң қалдырмауы керек.

Ол жеті жыл бұрын ҚХЛ-да дебют жасады және осы уақыт ішінде сөзсіз дарынды екенін танытты. Қазақстан құрамасының басты жұлдызына және лигадағы ең тамаша ойыншылардың біріне айналды. Биылғы маусымда Никита 47 ойында 44 ұпай жинап, "Барыстың" Шығыс конференциясында плей-офф аймағына өтуіне басты себепкер болды. Ал алдағы маусымаралық кезеңде Михайлиске таңдау жасау қиын болады.

Талантты шабуылшы үшін топ-клубтар арасында күрес басталатыны анық. Сондықтан қарағандылық хоккейшінің жалақысы да бірнеше есеге көтеріледі деп болжануда. Сонымен қатар Никитаның өзі ҰХЛ-да ойнауды армандайтынын және әлемдегі ең жақсы лигаға өту үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін бірнеше рет тілге тиек еткен. Хоккейшінің өзі кез келген клубты таңдау мүмкіндігіне ие болады. Маусымаралық кезеңнің басты жаңалықтарының бірі – Михаилистің шешімі болмақ. Ол арман қуып, шетелге кете ме, әлде Құрлықтық Хоккей Лигасының топ-клубтарының бірін таңдай ма, ол уақыт еншісінде.

Өткен маусымда Михаилис тұрақты маусымда 47 матч өткізіп, 46 ұпай жинады. Айта кетейік, Никита өнер көрсететін елордалық команда қазіргі таңда демалыста. Қаңтардың 13-інен 14-іне қараған түні "Барыс" Нұр-Сұлтанға оралды. Олар бірер күн бұрын ғана Подольскіде "Витязьбен" жекпе-жекке дайындалып жатқан болатын. Алайда айдын иелерінің ойыншылары мен қызметкерлерінің ПТР сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты кездесу өткізілмей қалды. Бұған дейін ҚХЛ 15 қаңтардан бастап Олимпиадалық үзіліске дейін барлық ойындардың тоқтатылатынын хабарлаған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу