Александр Ким Финляндия чемпионатында "Эссят" клубының құрамында өнер көрсетеді. Ол Пори қаласының командасымен екі жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Ағымдағы маусымды 20 жастағы хоккейші Поридегі клубтың жастар командасында бастап, 27 матчта 43 (24+19) ұпай жинап, лиганың үздік сұрмергені атанды.
Өткен маусымда Астана түлегі АҚШ-та ойнап, "Бисмарк Бобкэтс" клубы сапында чемпион атанды.
20 жастағы Александр Финляндия чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсететін Қазақстан тарихындағы екінші хоккейші атанды.
Бұған дейін алғашқы болып шабуылшы Игорь Кузнецов ойнаған. Ол 1989-1991 жылдары ХПК клубының құрамында екі маусым өткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу