Бүгін, 3 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Гонконг командасымен кездесіп, 12:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Бұл матч турнирдің топтық кезеңіндегі алғашқы ойын болды.
Кездесуде Мунира және Дильназ Саяхатқызы хет-трик жасап, команданың жеңісіне елеулі үлес қосты.
Сондай-ақ, Дильназ тағы бір нәтижелі пас берді. Келесі матчта Қазақстан құрамасы 4 ақпанда Таиланд командасымен кездеседі.
Гонконг 0:12 Қазақстан
0:1 – М. Саяхатқызы (Д. Саяхатқызы, Воронова) – 08:31
0:2 – Д. Саяхатқызы (Воронова, Зубкова) – 11:21
0:3 – Свиридова (Пяткова, Алдабергенова) – 13:27
0:4 – Д. Саяхатқызы (Ашимова, Свиридова) – 18:39
0:5 – Тұрсынова (Шегай) – 20:35
0:6 – Оразбаева (Молдабай, Филимонова) – 24:43
0:7 – Д. Саяхатқызы (Буторина, Зубкова) – 26:22
0:8 – Зубкова (Олжабаева, Ашимова) – 38:19
0:9 – М. Саяхатқызы (Буторина, Воронова) – 38:28
0:10 – Молдабай (Тұрсынова, Филимонова) – 50:15
0:11 – М. Саяхатқызы (Свиридова, Алдабергенова) – 56:29
0:12 – Куценко (Королева, Воронова) – 58:15