Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатында Чехиядан оңбай ұтылды

249

Хоккейшілеріміз фавориттен ауыр сабақ алды. 

Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатында Чехиядан оңбай ұтылды

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы кезекті ойынын өткізіп, Чехияға қарсы матчта жеңіліс тапты. Турнирдің басты фавориттерінің бірі болған чехиялықтар біздің әрбір қателігімізді ұтымды пайдаланып, айқын басымдықпен жеңіске жетті — 8:1.

Бірінші кезеңде-ақ Чехия өз үстемдігін көрсетті. 6-минутта Странски есеп ашты. Қазақстандықтар қарсы әрекет етуге тырысқанымен, ойын тізгінін толығымен қарсылас алып кетті. Екінші кезеңде Радим Руликтің шәкірттері қарқынын үдете түсіп, 15 минут ішінде үш шайба салып, жеңіс тағдырын алдын ала шешіп тастады. 
Белгілі шабуылшы Давид Пастрняк біздің қақпаға буллит орындады. Бірақ Джелал-ад-Дин Амирбеков сенімді сейв жасап, үміт отын сөндірмей сақтады.

Қақпашы Амирбеков бар күшін салғанымен, бесінші шайбадан кейін оның орнына Максим Павленко шықты.

Ойынның 45-минутында Қазақстан алғаш рет мүмкіндікті тиімді пайдаланды. Вячеслав Колесников шайба соғып, чемпионаттағы алғашқы голын тіркеді. Бұл жанкүйерлер үшін жалғыз қуаныш сәті болды.

Алайда Чехия тағы да шабуылға шығып, Роман Червенка хет-трик авторы атанса, Адам Клапка дубль жасады. Қорытынды есеп — 8:1. 
Бұл — Қазақстан құрамасы үшін осы турнирдегі ең ірі жеңіліс.
Чехия – Қазақстан 8:1 (1:0, 3:0, 4:1)
Шайбалар:
1:0 – Странски (05:19)
2:0 – Флек (21:26)
3:0 – Странски (32:19)
4:0 – Червенка (37:04)
5:0 – Клапка (41:06)
5:1 – Колесников (47:36, көпшілікпен)
6:1 – Червенка (53:14)
7:1 – Червенка (55:44)
8:1 – Клапка (59:22)
Қақпашылар: Веймелка — Амирбеков (41:06-ға дейін), Павленко (41:06-дан кейін)
Қазақстан құрамасы сапындағы үздік ойыншы — Вячеслав Колесников, жалғыз шайбаның авторы әрі шабуыл шебіндегі белсенді ойыншы болды.

Жеңіліске қарамастан, турнир жалғасуда. Қазақстан құрамасын алда элитада қалу үшін шешуші матчтар күтіп тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу