"Сабах" сапындағы Стас Покатилов алғашқы минуттан бастап қақпаны күзетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алғашқы матчта израильдік клуб 2:1 есебін тіркеген еді. Қос ойынның қорытындысында әзербайжандық клуб 6:4 есебімен басым түсті.
Осылайша, қазақстандық қақпашы Стас Покатилов намысын қорғайтын Әзербайжанның "Сабах" футбол клубы Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алып отыр.
Жаза кетейік, алматылық "Қайрат" футбол клубы еурокубоктағы алғашқы ойынын алдымен Чемпиондар лигасында бастап, алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьеска", (2:1, 2:0), Кипрдің "Омония" (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын жеңді. Одан соң Болгарияның "Левски" командасына (0:1, 0:1) есе жіберді.
Ал Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде алматылық "Қайрат" алғашқы кездесуде "Андерлехттен" ойсырай жеңіліп қалды.