Қазақстандық каратэші Мәскеуде өтетін кәсіби жекпе-жекке қатысады

1609

29 ақпан күні Мәскеуде киокушинкай каратэден "Kyokushin Profi" халықаралық достастық кубогі өтеді. 

Қазақстандық каратэші Мәскеуде өтетін кәсіби жекпе-жекке қатысады

Сол жарысқа Қазақстан атынан республикалық киокушинкай-кан каратэден ұлттық федерация атынан Никита Гарас қатысады.

Турнирде Никита Франциядан келетін Жан-Поль Джакоутке қарсы шығады. Қарсыласы өте тәжірибиелі болғанына қарамастан біздің спортшымыздың жеңіске жететін бірнеше басымдылығы бар, - дейді  бапкер Азамат Тәкенов.

Каратэнің ең қиын түрлерінің бірімен айналысатын қазақстандық спортшылар бұған дейін бірнеше мәрте әр-түрлі кәсіби жекпе-жектерде сынға түскен болатын. Мысалы, былтыр "Kyokushin Profi" жарысында Нұрлыхан Сәдуақасов Венгриядан келген қарсыласын жеңген еді.

"Kyokushin Profi" жыл сайын ақпан айында өтеді. Каратэшілер үшін бұл сайыстың маңызы зор. Ал Никитаға тоқталатын болсақ, ол бір жекпе-жекті Қызылордада, екіншісін Красноярскіде өткізді және екеуінде де қарсыластарын жеңді, деді каратэшінің бапкері. Оның айтуы бойынша Никитаның келесі қарсыласы франциялық  Жан-Поль Джакоут киокушинкай каратэнің барлық түрі бойынша Еуропаның абсолютті чемпионы екен. Ал былтыр 2019-жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатында ол 2-орын иемденген еді.

"Біздің Никита жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сонымен қатар, Азия чемпионы. Біріншіден, ол киокушинкайдың барлық түрлерінен марапаттар иеленген. Ал екіншіден жалпы еуропалық спорттың біздікімен салыстырғанда ерекшеліктері бар. Нақтырақ айтқанда, Еуропада кәсіпқойларға көп көңіл бөлінеді. Дайындық жайлы айтар болсақ,  біз психология жағына басты назар аударуға тырысамыз. Себебі, Никита қарсыласынан физикалық тұрғыдан жақсырақ, салмағы ауыр, бойы да ұзын. Сол себепті жарыста ол көбірек шабуылға шығатын болады. Мұнда дайындыққа тағы да психологиялық бағыт, бейнежазбаларды көру, қатемен жұмыс істеу және басқа да маңызды сәттер ескеріледі. Қазір Никита өзін тамаша сезінеді және жеңіске жетуді мақсат етіп отыр, - деп түсіндірді Азамат Тәкенов.

Қазір спортшымыздың дайындығы аяқталуға жақын. Содан кейін жоспар бойынша техникалық дайындық жасайды. Кәсіпқойлар арасында өтетін жарыстың тәртібі бойынша үш минуттан үш раунд болады.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу