Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 7,2 пайызға өсті

630

9 трлн теңге көлемінде өнім шығарылды. 

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 7,2 пайызға өсті Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"4 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 7,2 пайызға өсіп, 9 триллион теңге көлемінде өнім шығарылды. Ең жоғары өсім машина жасау (111,2%), химия өнеркәсібі (111,2%), құрылыс индустриясы (112,9%) және жиһаз өндірісі (114,8%) салаларында байқалады", – деді министр Үкімет отырысында. 

Ерсайын Нағаспаев отандық тауар өңдірушілерді қолдау үшін бірқатар шараларды іске асырылып жатқанын айтты.

"Атап айтқанда, реттелетін сатып алулар аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау, ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімдерге қолдау көрсету. Сондай-ақ, дайын өндіріс алаңдарын дамыту, заңнамалық түзетулерді қабылдау, отандық тауар өндірушілер тізілімін іске қосу", – деді ведомство басшысы.

Сөзінше, өткен жылдан бастап отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. 

"Бұл жұмыстар, отандық өнімге сұранысты ұлғайтып, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етті. Нәтижесінде жыл басынан өңдеу саласында импорт көрсеткіші төмендеп, отандық өндіріс көлемі ұлғайды. Оң көрсеткіштер металлургия, электрондық және жеңіл өнеркәсіп салаларында байқалады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу