Қазақстандық кәсіпорындар ресейлік әскери техникаға қызмет көрсетумен ақша таппақ

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
15189

"Қазақстан Инжиниринг" және оның капиталына кіретін компаниялар ресейлік әскери техникаларға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша орталықтарды ашпақ. Негізінен, бұл жерде әңгіме ұшақтар үшін сервис көрсету жайында болып отыр. 

Қазақстандық кәсіпорындар ресейлік әскери техникаға қызмет көрсетумен ақша таппақ

"АТО қызметінің негізгі бағыты Су-30СМ ұшағына сервисті ұйымдастыру болып табылды. Аталған бағыт бойынша ұшақтарда қосалқы бөлшектерді және материадарды жеткізу бойынша логистиканы ұйымдастырумен  24 айлық регламенттік жұмыс жоспарланып отыр. Осыған байланысты компания Су-30СМ ұшақтарына техникалық қызмет көрсету бойынша орындаушы болып белгіленді. Сонымен бірге,  Су-30СМ ұшақтарына қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің  әуе қорғанысы күштерінің регламенттік жұмыстары үшін жабдықтарды бірлесіп қолдану бойынша шешім қабылдануда", -деп ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты ұйымдастыру әскери кеңесі барысында "Қазақстан Инжиниринг" басқарамасы төрағасының орынбасары Ратмир Комратов мәлімдеді. 

Сонымен бірге, компания басшыларының орынбасарлары сервисті ұйымдастыру және ұшақсыз ұшу аппараттарын жинау (ҰҰП) жопары жайында айтты. "Аталған бағытты дамыту мақсатында әлеуетті құрылымдар мен азаматтық ұйымдар үшін ҰҰА-ға техникалық қызмет көрсету және жинау бойынша орталықты құру жоспарланып отыр",- деді Комратов мырза.

"ЕС-145 тікұшағына техникалық қызмет көрсету, Ми-17 және Ми-8 тікұшақтарына техникалық қызмет көрсету мен күрделі жөндеу. "Ресей тікұшақтары" және "Қазақстан Аселсан Инжинирингмен" кооперацияда Қазақстан Республикасы және Орталық Азия өңірлерінің қажеттілігі үшін Ми-17 тікұшақтары қосалқы бөлшектерін, материалдарын жеткізу бойынша және Ми-8 және Ми-17 тікұшақтарын пайдалануға мамандарды оқытумен ірі жинау жоспарланып отыр", -деді ол. Оның айтуынша, кәсіпорын тікұшақтарды сервистік алып жүру және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын болады. Ресейлік "Концерн ШҚО "Алмаз Антей" АҚ-пен бірлесе отырып әкімшілік, өндірістік және әскери нысандарды әуе шабуылдарының соққы беруінің  барлық түрінен қорғауға, сонымен бірге жауынгерлік кезекшілікті атқару кезіндегі  қорғауға арналған С-300ПС зеңбірікті-ракеталық жүйені жөндеу бойынша сервистік орталықты құру жоспарланып отыр

"Жобаны ШҚО "Алмаз Антей" концернімен бірлесіп іске асыру жоспарланып отыр. Шарт жасалып та қойған, жұмыс жүріп жатыр, ақша С-400 жүйесі бойынша жұмысты алдағы уақытта кері бағыттау мүмкіндігімен бөлінген, мен С-300 бойынша айтып отырмын, онда бес жинақ бар. Орталық базасында күрделі жұмыс бойынша жұмыс жүргізу,  Қазақстан Республикасы ӘҚК әскері қарулануында тұрған зеңбірікті- ракеталық қару-жарақтың басқа түрлерін жаңғырту жоспарлануда",- деді Ратмир Комратов.

"Аталған орталықты Алматыдағы қазақстандық кәсіпорын "Гранит" арнайы конструкторлық-технологиялық бюро ЖШС-мен және Борисов қаласындағы 2566 радиоэлектронды қару-жарақты жөндеу бойынша зауытпен бірлесіп құру жоспарланып отыр",- деп мәлімдеді ол.

"Семей Инжиниринг" АҚ бас директорының орынбасары Рамиль Баязитов компания "Орал вагон зауытымен" бірлесіп  бронетанктік техника отынын басқару жүйесін жаңғыртуға, сонымен қатар отандық кәсіпорындармен байланыс құралдарын және жауынгерлік үлгілерін орнатуға кіріскенін айтты.

Сонымен бірге, "Семей Инжиниринг" конструкторлық бюросы Қарулы күштердің қарулануында тұрған бронетанктық техниканы базалық шассиден бірыңғай базаға ауыстыру бойынша жұмысты жүргізуде.

"Қорғаныс министрлігімен "Семей Инжиниринг" АҚ базасында сервистік орталықты құру туралы шешім қабылданы. Аталған жоба бойынша жұмысты іске асыру барысында бізде қандай қиындықтар туындады? Біздегі техникалық құжаттар  номенклатурасы мен стандарттардың  ескілігі, қарулы күштермен бұдан бұрын сатып алынған БТР-80А, ТОЗ, БМПТ бронетанктік техникаға, "Барыс" доңғалақты машиналарына құжаттардың болмауы, сонымен қатар, ең бастысы, бұл- қосалқы және кешенді бөлшектерді жеткізу процедурасының ұзақтығы", - деді Баязитов мырза.

Оның айтуынша, осыған байланысты кәсіпорын қажетті бөлшектерді жеткізу туралы шарттарды оларды шығарушы кәсіпорындармен тікелей жасағысы келеді.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу