Қысқы Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер керлинг құрамасы қола медаль үшін өткен сайыста Жапониямен кездесті. Ойын 6:3 есебімен жапониялықтардың пайдасына аяқталды.
Қазақстан құрамасының сапында Тильсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемир, Ангелина және Регина Эбауэр өнер көрсетті.
Топтық кезеңде қазақстандықтар Оңтүстік Корея (8:2), Қытай (11:4) және Жапониядан (4:10) жеңіліс тапты. Дегенмен, Филиппин (5:4), Гонконг (6:3), Тайвань (14:0), Таиланд (9:1) және Қатарды (11:2) жеңді.
Жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 10:2 есебімен есе жіберді.
Бүгін финалда Оңтүстік Корея құрамасы Қытайды 7:2 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Қытайлықтар күміс жүлдегер атанды.