Қазақстандық киберспортшы 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды

216

HLTV Awards – киберспорттағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі саналады.

Қазақстандық киберспортшы 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды Фото: hltv.org

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (Molodoy) Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша HLTV Awards 2025 марапатында "Жылдың үздік жаңадан шыққан ойыншысы" (Rookie of the Year) атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Салтанатты марапаттау рәсімі Сербияның Белград қаласында өтті. Сонымен қатар, Данил әлемнің үздік киберспортшылары рейтингінде топ-6 ойыншының қатарына енді.

Айта кетейік, марапат табысталған күні Molodoy 21 жасқа толды. Ол бұл жетістігін ерекше оқиға деп атап өтті.

Қазіргі таңда Данил Голубенко бразилиялық FURIA командасының құрамында өнер көрсетеді. Сыйлықты оған Counter-Strike тарихындағы аңыз ойыншылардың бірі, бельгиялық Адиль Бенрлитом (ScreaM) табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу