Ол Бразилияда даңқты футболшы Неймармен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Неймар мен Данилдің байланысы қыркүйек айында басталды. 2025 жылы қазақстандық ойыншы FURIA сапында чемпион атанған кезде бразилиялық жұлдыз оның жетістігін әлеуметтік желіде құттықтап, пікір қалдырған. Ал 2026 жылдың сәуірінде Неймар Данилдің жазбасын сторисіне бөлісіп, бразил тілінде "Бұл Molodoy ма?" деген сұрақты қойды.
Тіпті, олардың қарым-қатынасы әлеуметтік желіден тыс та жалғасқан. Неймар қазақстандық киберспортшыны өзі доп тебетін "Сантос" клубының матчына арнайы шақырып, ойыннан кейін екеуі бірге суретке түскен.
Айта кетейік, IEM Rio турнирінде "Molodoy" өнер көрсеткен команда жартылай финалға дейін жеткенімен, Team Falcons ұжымына есе жіберіп, финалға шыға алмады.
Мolodoy нигімен танымал Данил Голубенко – халықаралық аренада танылып келе жатқан қазақстандық киберспортшы. Ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша беделді HLTV Awards Rookie of the Year марапатын иеленіп, жыл жаңалығы саналған.
Бұл кездесу жанкүйерлер арасында "қазақ-бразил бір туған" деген секілді жылы пікір қалыптастырды.