Қазақстандық клубтардың УЕФА-дан қанша қаражат алғаны белгілі болды

292

Ең көп өтемақы "Астана" клубына (401,13 миллион теңге) берілген. Бұл – ұлттық құрамаларға ең көп футболшы дәл осы елордалық клубтан шақырту алады деген сөз.

Қазақстандық клубтардың УЕФА-дан қанша қаражат алғаны белгілі болды

2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ұлттық құрамалар матчтарына өз ойыншыларын жібергені үшін Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) өтемақы бағдарламасы аясында қазақстандық клубтарға төленген сомалар белгілі болды.

Бұл аралықта УЕФА 55 ұлттық қауымдастықтың 901 клубына рекордтық көлемде өтемақы төлеген. Атап айтқанда, командалар арасында 233 миллион еуро бөлінді.

Осы тізімге қазақстандық клубтар да енді.  Олар бұл бағдарлама арқылы жалпы 2 308 829 еуро (1,37 миллиард теңге) табыс тапқан. Бұл төлемдер Ұлттар лигасы матчтарына, Еуро-2024 іріктеу ойындарына және турнирдің финалдық кезеңіне футболшылардың қатысуымен байланысты. Сонымен қатар, клубтар халықаралық үзілістер кезінде өз ұлттық құрамаларына шақырту алған легионерлер үшін де өтемақы алады.

2020-2024 жылдар аралығында УЕФА-дан клубтарға төленген өтемақы мөлшері:

"Астана" – 673 256 еуро

"Тобыл" – 347 605 еуро

"Ордабасы" – 270 766 еуро

"Қайрат" – 263 448 еуро

"Шахтер" – 168 314 еуро

"Ақтөбе" – 208 563 еуро

"Тараз" – 95 134 еуро

"Қайсар" – 84 157 еуро

"Жетісу" – 58 544 еуро

"Ақсу" – 36 590 еуро

"Қызылжар" – 29 272 еуро

"Каспий" – 29 272 еуро

"Мақтаарал" – 21 954 еуро

"Тұран" – 14 636 еуро

"Атырау" – 7 318 еуро

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу