Қазақстандық көкпаршылар көкбөрі ойынына дайындалып жатыр

469

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында қазақстандық спортшылар Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиындарында көкпар мен көк борға дайындықтан өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық көкпаршылар көкбөрі ойынына дайындалып жатыр Фото: t.me/ultsport

"ДКО аясында көкпар және көкбөрі ойындары өтеді. Қазір спортшылардың дайындықтары жақсы. Басты қарсылас ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанды айтар едім. Егер біз көкпардан жеңісімізге сенімді болсақ, көкбөрі ойынынан мүмкіндіктеріміз тең дәрежеде. Біраз жылдан бері көкбөрі ойнаған жоқпыз. Десе де жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз", - деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.

Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Наурызбай Қалтаев байрақты бәсекеге дайындық жайлы және көкпар мен көкбөрінің айыырмашылықтары турасында айтып берді.

"5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындығымыз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Екі спорттың айырмашылығы тайм санында – көкбөріде үш тайм ойналады, ал көкпарда екеу. Көкбөріде қазандыққа, ал көкпар жерге сызылған шеңберде ойналады", - деп атап өтті Наурызбай Қалтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу