Қазақстандық команда Канадада балалар турнирінің чемпионы атанды

147

Жас хоккейшілеріміз айдын қожайындарын жеңіп, сенсация жасады. 

Қазақстандық команда Канадада балалар турнирінің чемпионы атанды Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Astana Team  Квебек қаласында өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінің AA Elite дивизионында алтын медаль жеңіп алды.

Турнирге 2013 жылы туған жас хоккейшілер қатысты. Astana Team құрамында "Торпедо", ХК "Астана", "Юность" және "Тайгерс" командаларының ойыншылары да өнер көрсетті.

Pee-Wee турнирін Канада хоккей федерациясы мен Квебек провинциясының федерациясы ұйымдастырады. Жарыс 1960 жылдан бері өткізіліп келеді және балалар хоккейіндегі ең беделді турнир саналады.

Биыл жарысқа әлемнің 16 елінен 120 команда қатысты. 

66 жыл ішінде турнирде тек хоккей алпауыттары саналатын Канада, АҚШ, Ресей, Финляндия, Чехия және Швеция командалары ғана жеңіске жеткен. Енді олардың қатарына Қазақстан да қосылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу