Қазақстандық командалардың Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды

627

Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Конференция лигасы 2023/24 маусымының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтті.

Қазақстандық командалардың Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды

Шымкенттік "Ордабасының" Конференция лигасы іріктеу кезеңінің екінші турындағы қарсыласы анықталды. Александр Седнев шәкірттері Варшаваның "Легиясына" қарсы ойнайды. Қазақстандық клуб алғашқы ойынын өз алаңында, қарымта кездесуді Польшада өткізеді. Ойындар 27 шілде мен 3 тамызға жоспарланған.

Сондай-ақ "Тобылдың" Конференция лигасының іріктеу кезеңінің екінші турындағы қарсыласын белгілі. Турнирдің іріктеу кезеңінің финляндиялық "Хонканы"  жеңген жағдайда, қостанайлықтар келесі кезеңде швейцариялық "Базельмен" ойнайды. Екінші турдың ойындары 27 шілде мен 3 тамызда өтеді. Ал, "Хонкамен" алғашқы ойын 13 шілдеде Қостанайда, қарымта матч 20 шілдеде Финляндияда өтеді.

"Ақтөбе" 2023/24 маусымындағы Конференция Лигасының іріктеу кезеңінің екінші турында "Торпедо" (Кутаиси, Грузия) – "Сараево" (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы ойын сырт алаңда, қарымта кездесу Ақтөбеде өтеді. Екінші турдың ойындары 27 шілде мен 3 тамызға жоспарланған. Айта кетейік, ақтөбеліктер соңғы рет 2016/17 маусымында еуропалық додаларға қатысқан болатын.

Сонымен қатар "Астананың" Чемпиондар лигасының 2023/24 маусымындағы іріктеу кезеңінің екінші турындағы ықтимал қарсыласы белгілі болды. Бірінші айналымда Тбилисидің "Динамосымен" (Грузия) өткен кездесуде елордалық команда жеңіске жеткен жағдайда турнирдің келесі кезеңінде Загребтің "Динамосымен" (Хорватия) ойнайды. Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 11, 12 шілдеде, ал жауапты ойындар 18, 19 шілдеде өтеді. Алдымен қарсыластар Қазақстанда, одан кейін Грузияда өзара мықтыны анықтайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу