Қазақстандық конькимен жүгіруші Канадада өткен турнирде рекорд орнатты

1038

Қазақстандық Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында 1 000 метрге жүгіруде жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық конькимен жүгіруші Канадада өткен турнирде рекорд орнатты Фото: sports.kz

Спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,24 секундта бағындырып, 13-орынға табан тіреді және жерлестері арасында үздік атанды. 

Жарысты Екатерина Айдова 14-ші (1:15.29), Инесса Шумекова 24-ші (1:18.57) орынмен аяқтады.

Канаданың Калгари қаласындағы жарыс 18 ақпанда аяқталады. Турнирде сарапқа салынатын төрт медаль жиынтығы қалды. Қазақстандықтардың ішінен жексенбі күні тек Айдова қатысады – ол 1500 метр қашықтықта сайысқа түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу