Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар әлем чемпионатында өнер көрсетеді

150

Биылғы әлем чемпионатына олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қатыса алмайды. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар әлем чемпионатында өнер көрсетеді Фото: ҰОК

Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаудан екі спортшы Чехияның Прага қаласында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады.

Әлем біріншілігі 24-29 наурыз аралығында өтеді. Турнир бағдарламасы бойынша төрт медаль жиынтығы сарапқа салынады: ерлер және әйелдер арасындағы жеке сайыс, жұптық сырғанау және мұздағы би. Жарыстың алғашқы күні - 25 наурызда әйелдер мен спорттық жұптар қысқа бағдарламаларын ұсынады. Ал 29 наурыз күні турнир көрме көрсетілімдерімен аяқталады.

Халықаралық конькишілер одағының мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасынан Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қатысады.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионатына олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қатыса алмайды. Спортшы жарыстардың тығыз кестесінен кейін қалпына келуге уақыт бөлуді жөн көрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу