Қазақстандық мерген стенд атудан Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды

537

Стенд атудан қазақстандық спортшы Әсем Орынбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық мерген стенд атудан Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды Фото: Olympic.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, скит бағдарламасында бақ сынайтын спортшы жаңартылған әлем рейтингінде 1-орнын сақтап қалды. Осылайша қалған жалғыз квотаға қол жеткізді.

Әсем былтыр Катар астанасы Доха қаласында өткен әлем кубогында жеңімпаз болса, 2022 жылы Хорватияда болған әлем чемпионатында аралас жұптық сында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ көптеген жарыста жеңіс тұғырынан көрініп, жүлдегерлер қатарынан енді. 

Айта кетсек, стенд ату шеберлері Олимпиаданың 3-жолдамасына қол жеткізді. Бұған дейін мұндай мүмкіндікке Эдуард Ещенко (скит) мен Мария Дмитриенко (трап) ие болған. 

Қазір Қазақстан командасының қоржынында Париж Олимпиадасына берілген жолдама саны 54-ке жетті. 

Дүбірлі дода 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы келеді деп күтілуде. Айтулы аламанда спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу