Қазақстандық садақшылар Азия кубогы кезеңінде 3 финалға жолдама алды

972

Бангкокта (Таиланд) садақ атудан Азия кубогының бірінші кезеңі басталды.

Қазақстандық садақшылар Азия кубогы кезеңінде 3 финалға жолдама алды Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Турнир аясында Қазақстан құрамасы командалық сайыста үш бірдей финалға жолдама алды.

Қазақстан әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан жартылай финалда Малайзия құрамасын жеңді. Финалда Үндістанмен шеберлік байқасады. Құрама сапында Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Диана Юнусова өнер көрсетуде.

Сонымен қатар. ерлер құрамасы классикалық садақ атудан жартылай финалда Қытайлық Тайбэйді тізе бүктірді. Енді Қазақстан құрамасы ақтық сында Үндістанмен өзара мықтыны анықтайды. Құрама сапында Дастан Кәрімов, Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай ел намысын қорғауда.

Сондай-ақ, дәл осы дисциплинада әйелдер құрамасы Малайзияны жеңді. Осылайша, финалда Қытаймен кездеседі. Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова және Александра Землянова жүлдеге таласады.

Айта кетейік, финал 27 наурызда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу