Қазақстандық оқушылар Еуропалық математикалық олимпиадада 4 медаль алды

586

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстандық оқушылар Еуропалық математикалық олимпиадада 4 медаль алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық Олимпиадада (EGMO) 4 бірдей медаль иеленіп, еліміздің жас математиктер даярлаудағы әлеуетін тағы бір мәрте әлемге паш етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның ақпаратынша, Приштина қаласында (Косово) өткен халықаралық байқауға әлемнің 52 елінен 219 оқушы қатысты. Қазақстан атынан 4 оқушы және 2 жетекші қатысты.

"Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының барлық қатысушылары жүлделі орындарға ие болды: Юлия Катунина күміс жүлдегер – Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейінің 10-сынып оқушысы; Арай Касенова – қола жүлдегер-Алматы қаласындағы "Haileybury Almaty" халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы; Анар Дидарбекова – қола жүлдегер  Алматы қаласының №39 С.А.Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы; Аружан Қайрат – қола жүлдегер-Алматы қаласының №39 С.А.Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қыздарға арналған Еуропалық математикалық Олимпиада алғаш рет 2012 жылы Ұлыбританияның Кембридж қаласында өткен болатын.

Қазақстан құрамасы бұл беделді білім бәйгесіне 2017 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің дарынды қыздары 3 алтын, 12 күміс, 15 қола медаль мен 4 Құрмет грамотасын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу