Қазақстандық "Панданы" UFC президенті АҚШ-қа шақырды

Ол бұдан былай өз карьерасын Power Slap лигасында жалғастырмақ.  

Қазақстандық "Панданы" UFC президенті АҚШ-қа шақырды Фото: sportnewskz

Қазақстандық жауынгер Нұрғиса Үмбетов АҚШ визасын ресми түрде алып, Лас-Вегасқа аттануға жақын тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sportnews.kz порталына сілтеме жасап. 

"Панда" лақап атымен танылған спортшыға UFC президенті әрі Power Slap лигасының басшысы Дана Уайт қызығушылық танытқан. Ол қазақстандық спортшыны жеке шақыртып отыр. 

Отандасымыз осыған дейін аралас жекпе-жек спортында бірнеше кездесу өткізген. Дана Уайттың шақыруы Нұрғиса Үмбетовтің (3-1) мансабына айтарлықтай әсер етеді. Ол қазіргі уақытта лиганың жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі тізіміне еніп үлгерді.

Сәуір айында Нұрғиса Лас-Вегаста өтетін ашық жаттығуға қатысады деп жоспарланған. Бұл – оның АҚШ-тағы дебюті. 

– Халықаралық аренада Қазақстанды таныстыру – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жобаны бүкіл әлем тамашалап отыр. Өз мүмкіндігімді толық пайдалануға дайынмын, – деді жауынгер. 

Н.Үмбетов кәсіби мансабындағы 4 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен, 1 жеңілісі де бар. Бұған дейін спортшыға БАӘ мен Ресейден ұсыныс жасалған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу