Қазақстан құрамасы Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Пара үстел теннисінен Ардақ Нұрмағамбетов пен Али Махулбеков қола медаль жеңіп алды.
Ардақ Нұрмағамбетов 1-санаттағы А тобында айналмалы жүйе бойынша төрт кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті. Нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Ал Али Махулбеков 8-санатта өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Шешуші кезеңге өту үшін өткен кездесуде ол қытайлық Чжао Шуайға 0:3 есебімен есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу