Қазақстандық параспортшы Дубайда өткен жарыста алтыннан алқа тақты

277

Бұл жарысқа әлемнің 42 елінен спортшылар қатысты. 

Қазақстандық параспортшы Дубайда өткен жарыста алтыннан алқа тақты Фото: Жарқайың ауданының әкімдігі

Қазақстан Республикасының спорт шебері, параспортшы Әсем Жанәділова 2025 жылы Дубайда өткен Fazza International Championships-2025 World Para Athletics Grand Prix турнирінде ядро лақтырудан алтын медаль жеңіп алды.

Әсем Жанәділова жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және 2022 жылы Марокконың Марракеш қаласында өткен Әлемдік серияның жүлдегері болып табылады.

Айта кетейік, Әсем Жанәділова 2017 жылдан бері Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданында орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Мерген" спорт клубында бапкері Данияр Бектемісовтың жетекшілігімен жаттығады.

Fazza World Para Athletics Grand Prix – Дүниежүзілік Гран При сериясына кіретін ең ірі пара-атлетика жарыстарының бірі. Турнирде әлемнің ең мықты спортшылары жүлделер мен рейтингтік ұпайлар үшін сынға түсті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу