Қазақстандық сайлаушылардың 51,8 пайызы дауыс берді

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
2056

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына қатысты ресми деректерді жариялады.

Қазақстандық сайлаушылардың 51,8 пайызы дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, 14:00-дегі жағдай бойынша қазақстандық сайлаушылардың 51,8 пайызы сайлау бюддетеньдерін алып, дауыс берген.

Сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жағынан Ақтөбе (69,4 пайыз), Қызылорда (63,1 пайыз) және Алматы (63 пайыз) облыстары алда тұр.

Ал республикалық маңызы бар үш қаладағы сайлаушылардың белсенділігі төмен. 14:00-дегі жағдай бойынша, алматылық сайлаушылардың 37 пайызы, нұр-сұлтандықтардың 37,6 пайызы, шымкенттіктердің 40,5 пайызы дауыс берген.

Сайлаушылардың 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші төмендегідей:

Ақмола облысы – 56,7 %

Ақтөбе облысы – 69,4 %

Алматы облысы – 63,0 %

Атырау облысы – 45,4 %

Шығыс Қазақстан облысы – 59,8 %

Жамбыл облысы  – 56,3 %

Батыс Қазақстан облысы – 40,9 %

Қарағанды облысы – 49,7 %

Қызылорда облысы – 63,1 %

Қостанай облысы – 55,8 %

Маңғыстау облысы – 52,4 %

Павлодар облысы – 45,9 %

Солтүстік Қазақстан облысы – 53,6 %

Түркістан облысы  – 49,3 %

Нұр-Сұлтан қаласы – 37,6 %

Алматы қаласы – 37,0 %

Шымкент қаласы – 40,5 %

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу