Қазақстандық Сергей Цирульников үш әлемдік рекорд орнатты

346

Рекорд Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.  

Қазақстандық Сергей Цирульников үш әлемдік рекорд орнатты Фото: total.kz

Отандық алып күш иесі Сергей Цирульников Миланда Guinness Records  кітабы бойынша үш әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спорт комитетінің хабарлауынша, дақты спортшымыз Миланда (Италия) Guinness World Records өкілдері тіркеген үш әлемдік рекордты бірден жаңартты.

Сергей Цирульников жеңісін Қазақстан халқына арнайтынын жеткізді.

"Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы", - деді ол.

Алып күш иесі 57 секундтың ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.

Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу