Ұлттық құрама мүшесі 140 сантиметрлік кедергілер бағытын Cinderella атты атымен қателіксіз еңсеріп, мәреге 63,44 секундта жетті.
Бұл нәтиже оған жарыстың екінші орнын алуға мүмкіндік берді. Бас жүлдені Германия спортшысы Benjamin Wulschner Kilcannon Emerald-пен 61,47 секунд нәтижесімен жеңіп алды.
Үшінші орынға Felix Haßmann, төртінші орынға Jörg Oppermann жайғасты. Осылайша, үздік төрттікте үш неміс спортшысы болғанына қарамастан, Қазақстан өкілі жүлделі екінші орыннан көрінді.
Бұл жарыс Соколенко үшін Жапонияда өтетін 2026 жылғы XX Азия ойындарына дайындық кезеңіндегі маңызды бәсекелердің бірі болды.