Қазақстандық шабандоз Италияда өткен жарыста екінші орынға ие болды

421

Astana Qazaqstan Development Team шабандозы Ильхан Достиев "Джиро делла Валле д’Аоста" жарысының соңғы кезеңінде, сонымен қатар жалпы есепте екінші орынға ие болып, спринт классификациясында жеңіске жетті. 

Қазақстандық шабандоз Италияда өткен жарыста екінші орынға ие болды Фото: Джиро делла Валле д’Аоста

Монблан маңында өткен көпкүндік жарысты Ильхан Достиев бірінші кезеңде жеңіспен бастады. Ол ұзақтығы 40,8 шақырымды құрайтын, Сен-Жерве-Мон-Бланнан басталып, Пасси-Плен-Жуда аяқталған алғашқы кезеңді 1 сағат 6 минут 55 секундта бағындырды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Үшінші кезеңде өзін нашар сезінген Ильхан көшбасшылықтан айырылып қалды. Бірақ, соңғы екі кезеңде ол жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жарысты жалпы есепте екінші болып аяқтады.

"Көпкүндік сайыс мен үшін сәтті басталып, алғашқы кезеңде жеңіске жеттім. Бірақ, үшінші жарыс күні қиындыққа тап болдым. Тамақтануда мәселелер туындап, бес минуттан астам уақыт жоғалтып алдым. Келесі күні жоғалған минуттарымды қайтаруға тырысып, қателігімді біршама түзедім. Соңғы кезеңде бар күшімізді салуымыз керек еді. Симоне Занини тамаша жұмыс жасады. Ауа-райы суық болды, жаңбыр жауды.  Кезең басталасымен үлкен топпен көш бастадық. Нәтижесінде жарыста екінші орынға ие болдым. Командаға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамын", — деді Ильхан Достиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу