Қазақстандық шабандоздар Азия чемпионатында рекорд жаңартты

614

Шабандоздармыз командалық жарыста рекорд жаңартты.

Қазақстандық шабандоздар Азия чемпионатында рекорд жаңартты

Қазақстан құрамасы 14-19 маусым аралығында Нилайда (Малайзия) өткен Азия чемпионатында өнер көрсетті. Қазақстандық велошабандоздар барлығы 14 медаль - 9 күміс және 5 қола жеңіп алды.

Элита санатында өнер көрсеткен шабандоздар төрт медаль еншіледі. Команда көшбасшысы Артем Захаров омниум санаты бойынша күміс медаль жеңіп алды. Рамис Дінмұхаметов топтық іріктеу жарысында күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ қазақстандық трекшілер 4 шақырымды 4:00,4-те жүріп өтіп, командалық жарыста рекорд жаңартты. Бұл нәтиже Артем Захаров, Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхаметов және Дмитрий Носковқа жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілуге ​​мүмкіндік берді. Ал Руслан Елюбаев скретчтен қола жүлде иеленді.

Азия чемпионатында жасөспірімдер мен жасөспірім қыздар да тамаша нәтиже көрсетті. Командалық із кесуде Вячеслав Сичкарев, Вадим Белугин, Аслан Силықбек және Жалғас Абубакар екінші болып мәреге жетті. Ал жасөспірім қыздардан Таисия Титова, Дарья Қазақбай, Аружан Рахымжан және Елизавета Скляровалар күміс жүлдегер атанды.

Командалық спринтте Рамазан Мұхтар, Ризван Бейсенбаев және Данияр Шаяхметов екінші орын иеленді. Велотректен жекелей уақытқа арналған 1000 метрлік жарыста Ризван Бейсенбаев күміс жүлдегер атанды. Вячеслав Сичкарев топтық іріктеу жарысында ұлттық құрамаға тағы бір "күміс" әкелді. Дәл осы жарыс бойынша жасөспірімдер арасында Дарья Қазақбай екінші орынға ие болды.

Елизавета Склярова мен Дарья Қазақбай мэдисонда жақсы өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал Елизавета Склярова омниумда үшінші орын алды. Сонымен қатар Вадим Белугин екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Ол скретч пен жекелей жарыста үшінші орын иеленді. Айта кетейік, Белугин жекелей жарыста Қазақстан рекордын жаңартты - 3:18,699.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу