Қазақстандық шахматшы Әлем чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева Перудің Лима қаласында өткен 20 жасқа дейінгілер арасындағы рапид бойынша Әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Фото:
zakon.kz
>
20 елден 113 спортшы қатысқан жарыста 19 жастағы Ксения шешуші күні өзбекстандық Умида Омоновадан басым түсіп, чемпион атанды.
Қорытынды (қыздар, рапид, U20):
1. WGM Ксения Балабаева (Қазақстан) – 7 ұпай
2. WIM Афруза Хамдамова (Өзбекстан) – 6,5 ұпай
3. WFM Варвара Полякова (FIDE) – 6,5 ұпай
4. WIM Амина Қайырбекова (Қазақстан) – 6 ұпай
5. WGM Лия Құрманғалиева (Қазақстан) – 5 ұпай
Айта кетейік, бұл Қазақстан шахмат тарихындағы маңызды жеңістердің бірі
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу