Қазақстандық шахматшы халықаралық турнирге қатысады

2189

Халықаралық шахмат федерациясының  (FIDE) хабарлауы бойынша Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде бақ сынайды.

Қазақстандық шахматшы халықаралық турнирге қатысады

Халықаралық шахмат федерациясының  (FIDE) хабарлауы бойынша қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 5-10 мамыр аралығында өтетін FIDE Chess.com Online Nations Кубогіне қатысу үшін "Әлемдік құрама" сапына қосылды.

Команда құрамында Теймур Раджабов (Әзербайжан), Алиреза Фируджа (Иран), Бассем Амин (Египет), Мария Музычук (Украина), Хорхе Кори (Перу) сияқты шахматшылар бар. ФИДЕ басшысы Андрей Дворкович команда капитаны болып тағайындалды. Сонымен қатар турнирге АҚШ, Ресей, Еуропа, Қытай және Индия елінің  командалары бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетсек, 23 жасар Динара Садуақасова шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы. Елордалық шахматшы қыз 2019-жылы Азия Чемпионы атанды. Сондай-ақ беделді Grand Swiss турнирінің жеңімпазы және қыздар арасындағы Қазақстанның нөмірі бірінші шахматшысы. 2700chess.com сайтының хабарлауы бойынша Динара Әлемнің он үздік  шахматшысының қатарына кіреді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу