Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы шаңғы жарысы бойынша Тронхеймде (Норвегия) өтетін алдағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін бекітті.
Әлем чемпионатына 14 қазақстандық спортшы қатысады. Олардың арасында 2025 жылы Харбин қаласында өткен Азия ойындарының жеңімпаздары да бар. Команда құрамында тәжірибелі шаңғышылармен қатар жас шаңғышылар да сынға түседі.
Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылардың толық тізімі: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Дарья Ряжко, Камила Елгазинова, Анна Мельник, Олжас Климин, Константин Борцов, Святослав Матасов, Наиль Башмаков, Владислав Ковалев, Ернар Нұрсбеков, Федор Карпов, Виталий Пухкало.
Харбинде өткен Азия ойындарында қазақстандық шаңғышылар 4 медаль жеңіп алған болатын. Константин Борцов спринтте 2-орын алса, 10 шақырымдық жарыста Олжас Климин қола жүлдені жеңіп алды. Эстафеталық әйелдер құрамасы күміс, ерлер командасы қола жүлдегер атанды.
Норвегияда өтетін әлем чемпионатында 12 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Жарыс кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):
26 ақпан, сәрсенбі
FIS ұпайлары жоқ елдер үшін іріктеу жарыстары
17:30 - Әйелдер, 7,5 шақырым, классикалық стиль.
19:30 - Ерлер, 7,5 шақырым, классикалық стиль.
27 ақпан, бейсенбі
14:00 - Спринт, іріктеу жарыстары.
16:30 - Спринт, финал.
1 наурыз, сенбі
18:00 - Ерлер, скиатлон, 10 шақырым + 10 шақырым.
2 наурыз, жексенбі
18:00 - Әйелдер, скиатлон, 10 шақырым + 10 шақырым.
4 наурыз, сейсенбі
17:00 - Ерлер, 10 шақырым, классикалық стиль.
19:00 - Әйелдер, 10 шақырым, классикалық стиль.
5 наурыз, сәрсенбі
15:00 - Командалық спринт , біліктілік.
18:30 - Командалық спринт, финал.
6 наурыз, бейсенбі
16:30 - Ерлер, 4х7,5 шақырым, эстафета.
7 наурыз, жұма
18:00 - Әйелдер, 4х7,5 шақырым, эстафета.
8 наурыз, сенбі
15:30 - Ерлер, 50 шақырым, масс-старт
9 наурыз, жексенбі
15:30 - Әйелдер, 50 шақырым, масс-старт
Әлем чемпионатының басты фавориттері кімдер?
Тронхеймдегі әлем чемпионатында Норвегия құрамасы басты фаворит екенін айта кетейік.
Ерлер құрамасынан Йоханнес Клэбо 2024-2025 жылғы маусымдағы Әлем кубогының жалпы есебінде 1 669 ұпаймен көш бастап тұр. Ал, Эрик Вальнес 1 281 ұпаймен жалпы есепте 3-орында. Харальд Эстберг Амундсен 1 154 ұпаймен әлемдік рейтингте 6-орында. Бұл спортшылар Әлем кубогы кезеңдерінде тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, халықаралық жарыстарда мол тәжірибеге ие.
Әйелдер құрамасынан Астрид Эйре Слинд 1 364 ұпаймен Әлем кубогының жалпы есебінде 3-орында. Сондай-ақ, Терезе Йохауг қысқа үзілістен кейін жарыстарға қайта оралып қазіргі таңда 1 065 ұпаймен рейтингте 7-орында. Хейди Венгте де 1 065 ұпай. Ол Йохаугпен 7-орынды бөлісуде.
Енді Норвегияның негізгі бәсекелестеріне тоқтала кетсек, Швеция құрамасының өкілі Эдвин Ангер 1 462 ұпаймен ерлер арасындағы Әлем кубогының жалпы есебінде 2-орында. Германия өкілі Виктория Карл да медальдан үміткерлер қатарында. Ол 1 461 ұпаймен рейтингте әйелдер арасындағы жалпы есепте 2-орында. Финляндия спортшысы Кертту Нисканен 1 356 ұпаймен әйелдер арасындағы жалпы есепте 4-орында болғандықтан, бұл жарыста жүлде алып қалып қалуы бек мүмкін.
Аталмыш спортшылар ағымдағы маусымда жоғары нәтижелер көрсетіп, алдағы әлем чемпионатында норвегиялық шаңғышыларға айтарлықтай бәсекелестік таныта алады.