Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының финалына шықты

305

Финал 8 ақпан күні Астана уақытымен 07:06-да басталады. 

Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының финалына шықты Фото: sportm.kz

Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті.

Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева өнер көрсетті.

Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу