Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықтың В финалында қазақстандық Денис Никиша 41.948 секунд нәтижемен 7-орын алды. Бұл – оның аталған қашықтықтағы Олимпиададағы ең үздік көрсеткіштерінің бірі.
Жарыста екі дүркін Олимпиада чемпионы Шаоан Лю 41.525 секунд нәтижемен жеңіске жетті. Польша өкілі Феликс Пижон 45.345 секунд уақыт көрсетсе, канадалық Максим Лаун 1:22.896 секунд нәтижемен мәреге жетті. Италиялық Пьетро Сигель жарысқа қатысқан жоқ.
Айта кетейік, Денис Никиша бұған дейін 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында да В финалында өнер көрсетіп, 8-орын иеленген болатын. Миландағы дода – спортшының мансабындағы төртінші Олимпиадасы.
Сондай-ақ, ерлер арасындағы 500 метрге ширек финалда қазақстандық Абзал Әжіғалиев төртінші Олимпиадасында 4-топта сынға түсіп, мәреге 5-ші болып жетті. Алайда жартылай финалға өте алмай, жарыс жолын аяқтады. Айта кетсек, Әжіғалиев 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында 4-орын алған еді.
Осылайша, қазақстандық шорт-трекшілер Миландағы жарысты аяқтады.