Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі

548

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша 3-орын алды.

Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі Фото: olympic.kz

Отандасымыз финалда Израиль спортшысы Артем Долгопят пен АҚШ өкілі Иваи Юнносукеге жол берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Милад төрешілердің шешімімен 13.966 ұпай жинап, әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесіне ие болды. 

Айта кетейік, Милад Карими осы әлем кубогының кезеңінде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов медаль үшін бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу