Қазақстандық спортшы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

943

Зейнолла Ыдырысов спорттық гимнастикадан Мысырда өтіп жатқан биылғы әлем кубогы кезеңінің жүлдесіне ілікті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды Фото: 24.kz

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығудан үздік үштікке ілікті.

Бұл — оның ересектер арасындағы алғашқы жүлдесі еді. 

Иорданиялық Ахмад Әбу Әл Соуд 15.070 ұпаймен чемпион атанса, кореялық Вунг Хур (14.930 ұпай) күміс жүлдеге қол жеткізді. З.Ыдырысовтың еншісінде 14.800 ұпай бар. 

Тағы бір қазақстандық Нариман Құрбанов 14.030 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Зейнолла Ыдырысов 2023 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орынға тұрақтап, тарихи медаль алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу