Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан Олимпиаданың финалына өтті

156

Бүгін спортшыларымыз Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 5 спорт түрі бойынша сынға түсуде. 

Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан Олимпиаданың финалына өтті Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан атынан сынға түскен Павел Колмаков 76.24 ұпаймен 9-нәтиже көрсетті. 29 спортшы қатысқан сайыста ТОП-10 спортшы финалға тікелей жолдама алды. Финал 12 ақпанға 16:15-ке жоспарланған.

Сондай-ақ шаңғыдан әйелдер арасында классикалық спринт өтті. 1,5 шақырымдық қашықтыққа 89 спортшы жарыс жолына шықты. Қазақстан атынан Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник және Ксения Шалыгина сынға түсті. Өкінішке қарай, спортшыларымыз ТОП-30-дыққа ене алмағандықтан, финалға өте алмады. 

Ерлер арасында да шаңғыдан классикалық спринт өтті. 95 спортшы жарысқа шықты. Қазақстан атынан Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков және Виталий Пухкало сынға түсті. 30 спортшы ширек финалға өтті. Келесі жарыс 12 ақпанға жоспарланған. Ерлер арасында да спортшыларымыз келесі кезеңге өте алмады. 

Милан Олимпиадасында шорт-трек сайысы әйелдер жарысымен басталды. Қазақстан атынан Ольга Тихонова мен Яна Хан сынға түсті. Алайда іріктеу кезеңінен өте алмады. 

Шорт-трекші Денис Никиша төртінші Олимпиадасында 1000 метр қашықтықта сынға түсті. Ол өз тобында 3-орынға тұрақтады, алайда ширек финалға шықпады. 

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетада ширек финалға өте алмады. Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Денис Никиша және Ольга Тихонова қатысқан команда өз тобында 4-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бүгін 17:30 да 20 шақырымдық жекелей жарыста Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов сынға түседі. 18:15-те фристайл-могулдан іріктеу кезеңінде Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова жарыс жолына шығады. Ал, 22:30-да мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров өз өнерін паш етпек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу