Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен халықаралық жарыста тау шаңғысынан слалом дисциплинасы бойынша алтын жүлдеге ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Александра Скороходова 1 минут 39.67 секунд нәтижемен қарсыластарын шаң қаптырды. Екінші орынды Испания өкілі Гаритано Итурбе (1:40.52) иеленсе, үшінші орын америкалық Емма Гуггенхеймерге бұйырды (1:40.97).
Аталған жарысқа әлемнің 15 елінен 30 спортшы қатысып, жүлделерді сарапқа салды.
Айта кетейік, бұған дейін Александра Скороходова Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына лицензия алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу